top of page
AdamSpace Bio logo white outer part
AdamSpace Bio logo white mid part

Фархад Омаров

Farhad Omarov with  Fermented humic products of AdamSpace Bio

Биолог

1. Сұрақ. Биыл 2023 жыл... және әлем FoodTech жаңа нарығымен

танысуда. Адамспейс био жобасы дегеніміз сол емес пе?

- Фархад иә сол.. сонымен қатар барлығын ойында сақтайтын 3 драйвер:
А-Азық-Түлік. Халық саны артып келе жатқан жер тұрғындарын дәстүрлі тәсілдермен тамақтандыру Үлкен мәселеге айналуда. 
Б-Пандемия және экология. Дәстүрлі ауылшаруашылық өндірісінің қоршаған ортаға зиянды әсері. Round Up (Uragan-Forte/Syngenta) секілді препараттардың сұмдық салдары! Осылайша – FoodTech планета үшін пайдалы баламаларды іздеудің жауабына айналды. Пандемия болса иммунитетті сан түрлі вакциналармен бұзды - адам денсаулығына бағытталған бағдарламардан түсініксіз әскери регламенттер пайда болды. Бүгінгі таңда иммунитетпен тікелей байланысты, адамның Микробиомасын  да тамақтандыру керек.
С-Адам денсаулығы. Азық-түлік индустриясы адамдарды тамақтандыру үшін тым көп мәмілеге келуге мәжбүр. Нан, ет, сүт, ең болмағанда тұз қажет! Адам өмірінің негізі болып табылатын агроөнеркәсіп - пестицидтер, антибиотиктер, синтетикалық синтезанттар, өсу гормондары, ГМО және басқа да көптеген денсаулыққа аз қатысы бар сұмдық нәрселерді қолданады. Осылайша, жаңбырдан кейін пайда болатын саңырауқұлақтар секілді, дұрыс тамақтанбау салдарынан денсаулық мәселелері көбеюде. 

2. Сұрақ. Ал adamspace Bio орны қайда?


- Фархад – жалпы бұл құпия ақпарат емес. Қазір біздің орнымыз Қазақстанда. Және бүгінгі таңда біз Қазақстандағы функционалдық биотех бойынша 1 орындамыз.
Next-Gen Food and Drinks – бұл жаңа буын тағамдары мен сусындары. Яғни, пайдалы және адамның иммунитетін қалыптастыратын тағам. Бұл тамақ пен сусындардың жаңа түрлерін жасауға арналған процестер мен инновациялар. Ашытылған тағамдар мен тағамдық қоспалар. Бұл функционалды ингредиенттер! Біздің жобаны дамыту жоспары «биотехнологиялардың жасыл секторынан» инвестициялар тарта отырып, халықаралық акционерлік компания құру. Біз қазірдің өзінде Adamspace Bio өнімдерінің Азияға, АҚШ-қа, Еуропа елдеріне, Англияға және, әрине, Араб нарықтарына экспортқа шығу мүмкіндіктері бойынша қарқынды байланыс жүргізіп жатырмыз. Біз, Adamspace Bio, нағыз пайдалы қасиеттері бар функционалды тағамдарды жобалаймыз. Біз оны жай ғана 3D принтерлерде басып шығара саламыз деп ойламаңыз. Мен құпияны ашайын, біздің зауытта мұндай ғажайып 3D принтерлер жоқ. Бірақ күшті табиғи фермент цехы бар. Бізде адамның пайдасы үшін пробиотиктер армиясы жұмыс істейді, ашыту процесі күшті..

3. Сұрақ. Ертеңгі күн жақын арада келе ме? –


- Фархад - қазірдің өзінде келді! FoodTech - инвесторлардың қызығушылығын арттыратын перспективалы сектор. Инновациялар мен технологиялар болашақ тағамдар үшін маңызды рөл атқарады. Қазір трендтердің көпшілігі инновациялық тамақ өнімдерін (мысалы, өсімдік негізіндегі ет немесе сүт, микробиотаны қалпына келтіруге ықпал ететін өнімдер) жасау технологиясымен байланысты. Бүгінгі күн тәртібінде маңызды мәселе – Адам микробиомасы. Адамзатты түршіктірген оқиғалар және Ковид-19 пандемия түріндегі қиындықтар «адам Микробиомасын» күн тәртібінде бірінші орынға шығарады. Онда иммунитеттің, адамның өмір сүру ұзақтығының көптеген кілттері бар. Ең бастысы - адам өмірінің сапасы. Бүгінде тіпті мектеп оқушысы да адамзат өркениетінің теріс әсерінен қоршаған әлемде болып жатқан деструктивті өзгерістерді қандай да бір жолмен жою, ең болмағанда азайту қажеттілігі туралы біледі. Қазіргі заманғы қалалардың экологиясын алайық - Газдану, зауыттар мен фабрикалардың канцерогендік шығарындылары, улы химикаттар мен пестицидтер. Бұл қоршаған ортаға едәуір әсер етеді. Ал жемдік антибиотиктер мен синтетикалық гормондардың шектен тыс концентрациясымен қауіп төндіретін өнеркәсіптік мал шаруашылығының қалдықтары ше? Ал пластикалық қаптамаларды қайта өңдеу мәселелері ше?

4. Сұрақ. Болашақ ұрпақты дамыту стратегияңызды ескере отырып –
Жастарға, балаларыңызға не айтасыз?


- Фархад - қазірдің өзінде биотехнологтардың болашақ ұрпақтары Adamspace Bio жобасында жұмыс істейді! Негізгі персонал - Қазақстан жастары. Бүгінде олар технологтар мен операторлар. Ал ертең олар еліміздің биотехнологиялық нарығының «үздік мамандары» болмақ. Қазақстан FoodTech компаниясының болашағы бүгін қалай орнаса солай жалғасады. Және де біз, қазірдің өзінде 2023 жылдың соңына дейін нәтижелеріне сәйкес жарияланатын жобаларды бастадық. Foodtech априори жоғары ғылымды қажет етеді. Біз ғалымдармен дос болып қана қоймай, оларды түсінетін уақыт келді. Енді лайықты өмір сүру үшін бірге жаңа күш орталықтарды, яғни болашақ зауыттарды құру керек. Бұл біз үшін шын мәнінде жаһандық сын-қатер! Бүгінде оның іргетасы, ол технологиялық шешімдердің қолжетімділігі. Біз Биохимияның робототехникамен қалай тығыз байланыста екенін көреміз, ал нейрондық желілерді құру болса қазірдің өзінде әдеттегі ыс қимылға айналған… 
Иә, құны әлдеқайда жоғарылатылған өнімдерге төлемге қабілетті сұранысты қамтамасыз ететін таза тұтынушылық тенденциялар бүгінде нарықтық трендтерді анықтайды. Бұл қартаюға қарсы өнімдер, органикалық, функционалды, «сау және пайдалы» тағамдар, тіпті кейбір ақылды «смарт тамақтану» және «био-хакерлік» препараттар. Сондықтан менің жастарға айтатыным – сіздер пайдалы, әрі біздің жеріміздің табиғатына зиян келтірмейтін өз диеталарыңызды оңайлықпен өздеріңіз ыңғайлап құрай аласыздар.

5 Сұрақ. Adamspace Bio жобасының басқалардан басты айырмашылығы неде? Дәл Қазақстанда?


- Фархад - біздің жергілікті нарықтағы барлық адамдардан ең маңызды айырмашылығымыз, ол өз өнімдеріміздің құндылығы мен миссиясын түсіну. Adamspace Bio жобасының №1 құндылығы адам болып табылады! Менің командам – менің басты капиталым. Олардың жаны, қолдары мен көңіл – күйі біздің Қазақстанда №1 болуымыздың құпиясы. Содан кейін ғана өз активінде қолданыстағы Еуропалық патенті, Қазақстан патенттері, Түркия патенттері бар биотехнологиялық фабрикамыз. Біз халықаралық аудиттен өттік және Чехиядан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі реттеуші ИСО 22000 сертификатына ие болдық. Adamspace Bio сапаны басқаруға көп көңіл бөледі, өйткені бұл бізді басқалардан ерекшелендіреді. Біздің басты ұранымыз: «клиенттерімізбен салауатты және жемісті қарым-қатынасты сақтау. Біз өндіріс процесінде ең жаңа технологияларды және тек органикалық шикізатты қолдануға тырысамыз». Біз Adamspace Bio өнімдерінің сапасы, өз патенттерімізбен Ноу-Хау арқасында, Қазақстанда және әлемдегі клиенттердің сеніміне ие боламыз деп үміттенеміз. Бізде нарықта ашық позиция бар. Біз жерасты шеберханасы емеспіз. Бізде «есіктер шынымен ашық», ал біздің технологиялар туралы ақпарат қолжетімді. Миссиямыз - біздің елімізге денсаулықты нығайтатын және иммунитетті қорғайтын функционалды пайдалы тағамдар беру.
Қазақстан үшін FoodTech әзірге экзотика! 21 ғасырдағы Био-джунгли. Бірақ шынымды айтсам көбісі байқағандай жаңа мүмкіндіктер үнемі ашылуда. Бүгінгі таңда елдердің бәсекеге қабілетті болуы дегеніміз биоәртүрлілікті сақтау, баламалы энергия, агри-технологиялардағы органикалық стандарттардың болуы. Бұл бәріне бірдей қатысты. Мысалы ет, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, астық, өңдеу өндірісі. Қазақстандағы инновацияларды екінің бірі талқылауда…
Бірақ белгілі бір нәтижелер де бар. Adamspace Bio оған нақты мысал, өйткені біз кейбір позициялар бойынша Еуропа мен АҚШ-тағы ұқсас компаниялардан асып түспесек кем болмаймыз. 

 

  .

bottom of page